Дзюдодан Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында екі қазақ дзюдошысы қола медальға таласады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
60 келіде сынға түскен Мағжан Шамшадин жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі, әлем чемпионатының жүлдегері Ли Харимге есе жіберді.
Өте тартысты кездесу шамамен он минуттан аса уақытқа созылды. Мағжан қосымша уақытта қарсыластың әдісіне түсіп қалды.
Ал 52 келідегі Ғалия Тынбаева жұбаныш белдесуінде моңғол балуанын жеңіп, қола медальға таласу құқығын алды.
Ал 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев алдымен өзбек, кейінгі жұбаныш белдесуінде тәжік спортшысынан ұтылған болатын.
48 келіге дейінгі салмақта Абиба Әбужақынова Азия ойындарының алтынына таласады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037868-magzan-samsadin-men-galiya-tynbaeva-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldesine-talasady/