jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Семей қаласының әкімі Қазақстан шахмат федерациясы филиалының басшысы болды

    Нұрбол Нұрсағатов
    Нұрбол Нұрсағатов. Фото: instagram.com/nurbol_nursagatov

    Абай облысында Қазақстан шахмат федерациясының филиалы ашылды. Оның төрағасы болып Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов тағайындалды, деп хабарлайды федерация ресми сайтында.

    Шахмат федерациясының мәліметінше, 26 қыркүйекте Семейдің үздік әуесқой шахматшылары арасында турнир өтті. Турнир"Шахмат керуені" республикалық жобасының аясында ұйымдастырылған.

    Жоба өңірлерде аталған спорт түрін дамыту мақсатында қолға алынған. Семейге дейін "Шахмат керуені" жобасы Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Павлодар қалаларында болған.

    "Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Біз алғашқылардың бірі болып Ұлы Жібек жолын жалғастырдық. 14 мың шақырымдай сапар шегіп, әр облыс орталығын аралаймыз. Шахматтан жеткен жетістіктеріміз халықаралық аренада үлкен танымалдылыққа ие боп келе жатыр. Енді аймақтардың қолдауын сезінгіміз келеді.

    Ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту үдерісіне тек шахматшылар ғана емес, барша жұртшылық, кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері атсалысса екен дейміз. Шахмат қарапайым спорт түрі ғана емес. Мысалы, оны мектепте оқыту арқылы біз балаларымыздың дамуына қосымша серпін береміз", - дейді Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко.

    Семей қаласының әкімі Қазақстан шахмат федерациясы филиалының басшысы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.