Каноэде ескек есуден Қазақстан намысын қорғап, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алған Мария Бровкова жарыстан кейін өз әсерін бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ескек есуден жекелей сында мәреге үшінші болып келген Мария Бровкова қарсыластарының мықты болғанын мойындады.
"Алтыннан үмітті едім. Бірақ, бүгін қарсыластарым мықтырақ болды. Мен де аса жақсы өнер көрсете алмадым. Дегенмен ризамын. Бұл қашықтықта жақсы старт керек. Қарсыластардан қалып қалмау маңызды. Мәреге жақындағанда подкат жасау керек. Мен әзірге оны жасай алмаймын. Қытайлық қарсыласым мықты болды.Содан қалыспауға тырыстым. Тайландтық қарсылас та мықты. Ол өткенде ғана олимпиада лицензиясын жеңіп алған", - деді спортшы.
Айта кетейік, бүгін ел қоржыны тағы бір медальмен толықты. Мария Бровкова 200 м қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039251-altynga-umitti-edim-azidada-qola-algan-mariya-brovkova-zarystan-keiin-aserin-bolisti/