Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Мария Бровкова каноэде есуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Мария Бровкова Азия ойындарында
Мария Бровкова Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық спортшы Мария Бровкова каноэде есуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мария Бровкова 200 м қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Бұл - 18 жастағы спортшының биылғы Азиадада жеңіп алған екінші жүлдесі. Кеше Мария Бровкова жұптық сында күміс жүлде алған еді

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы ел қоржынына Азия ойындарының төртінші алтынын салды. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Оған қоса, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.

Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізсе, байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орынды алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039234-aziada-2023-mariya-brovkova-kanoede-esuden-aziya-oiyndarynyn-qola-medalin-zenip-aldy/

pixel