Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындары: су добынан Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты

Опубликовано:

Су добынан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында
Су добынан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Фото: Жанар Сердалина

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық спортшылар В тобында сынға түсіп, Жапония, Сингапур және Гонконг командаларымен кездесті.

Үшінші ойында Қазақстан құрамасы Сингапурды 22:4 есебімен жеңіп кетті. Одан дейін Гонконгты 25:4 есебімен ұтса, Жапонияға 13:15 есебімен есе жіберді.

Нәтижесінде отандық спортшылар өз тобында екінші орын алып, ширек финалға шықты.

Енді олар ширек финалда Оңтүстік Кореямен бақ сынасады.

Айта кетсек, жарыс барысында 2024 жылғы Париж олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039632-aziya-oiyndary-su-dobynan-qazaqstan-erler-quramasy-sirek-finalga-syqty/

pixel