Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов финалда Иордания өкілі Хасан Масарвехпен кездесті.
Ақтық сында Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен уақытынан бұрын жеңіп, Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
Осылайша, Қазақстан Азия ойындарындағы сегізінші алтын медалін алды. Қазір ел құрамасының қоржынында 8 алтын, 13 күміс, 38 қола – барлығы 59 медаль бар.
Айта кетейік, Нұрқанат Әжіқанов Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының екі мәрте қола жүлдегері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039732-karatesi-nurqanat-aziqanov-qazaqstan-qorzynyna-segizinsi-altyn-medaldi-saldy/