jitsu gif
Спорт

    Азия ойындары: Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медаль түсті

    Нұрқанат Әжіқанов
    Нұрқанат Әжіқанов сол жақта. Фото: t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов финалда Иордания өкілі Хасан Масарвехпен кездесті.

    Ақтық сында Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен уақытынан бұрын жеңіп, Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

    Осылайша, Қазақстан Азия ойындарындағы сегізінші алтын медалін алды. Қазір ел құрамасының қоржынында 8 алтын, 13 күміс, 38 қола – барлығы 59 медаль бар.

    Айта кетейік, Нұрқанат Әжіқанов Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының екі мәрте қола жүлдегері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.