Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан турнирде әлемнің бірінші ракеткасын ұтты

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжің WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рыбакина екі сетте де әлемнің бірінші ракеткасы, белоруссиялық теннисші Арина Соболенкондан басым түсті.

Матч 7:5, 6:2 есебімен Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасының пайдасына шешілді.

Ойын бір сағат 34 минутқа созылды. Матч барысында Елена Рыбакина 12 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнайды.

Жартылай финалдық ойын 7 қазан күні Астана уақытымен сағат 14:30-да өтеді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Арина Соболенконы бұған дейін де ұтқан болатын. Қазақстандық теннисші биыл наурызда АҚШ-та өткен Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалында Беларусь өкілінен айласын асырып, турнир жеңімпазы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039952-elena-rybakina-alemnin-birinsi-raketkasy-arina-sobolenko-utyp-wta-1000-turnirinin-zartylai-finalyna-syqty/

pixel