Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 52-ші әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ұлттық құрама көшбасшысы Милад Карими еркін жаттығудың финалында 14.600 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Алтын меладь Артем Долгопяттың (Израиль), күміс жүлде Казуки Минамидың (Жапония) еншісінде.
Бұл - қазақ гимнастарының 1997 жылдан кейін әлем чемпионатында қол жеткізген жүлдесі.
Ол кезде Сергей Федорченко Лозаннадағы додада ағаш аттан секіруден чемпион атанған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040029-milad-karimi-qazaqstanga-alem-cempionatynyn-tarixi-zuldesin-tartu-etti/