jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық теннисші Гонконгтегі турнирдің жартылай финалына өтті

    Анна Данилина жарыста
    Анна Данилина жарыста. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық теннисші Анна Данилина Гонконгтегі турнирдің жұптық сынында екінші матчын өткізіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге жұптық сында ресейлік дуэт Софья Лансере — Камилла Рахимовадан екі сет қорытындысы бойынша басым түсті – 6:3, 7:6.

    Тартысты кездесу бір сағат 26 минутқа созылды. Бұл матч турнирдің ширек финалы аясында өтті.

    Айта кетейік, отандық теннисші фин Харри Хелиоваармен жұпта АҚШ ашық біріншілігінде (US Open) чемпион атанған болатын.

    Анна Данилина жұптық сында әлемнің 32-ші, ал еліміздің бірінші ракеткасы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.