jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Қазақстандық жас шахматшы әлем чемпионы атанды

    Ксения Балаева
    Ксения Балаева. Фото: Nikiel.photo

    Қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева Италияда өткен сайыста топ жарып, блицтен жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazsport телеарнасы.

    20 жасқа дейінгі жастар арасында рапид пен блицтен әлем біріншілігінде өнер көрсеткен отандасымыз алтын жүлде үшін ақтық сында командаласы Әмина Қайырбекованы жеңіп, әлем чемпионы атанды.

    Сондай-ақ блицтен ерлер арасындағы бәсекеде қола жүлде үшін таласқан Арыстан Исанжулов қарсыласын тай-брейкте жеңіп, үшінші орын еншіледі.

    Оған қоса, Ксения Балабаева рапидтен жаһандық додада күміс жүлдегер атанса, тағы бір отандасымыз Зейнеп Сұлтанбек қола медаль иеленді.

    Қазақстандық жас шахматшы әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.