Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түркия турында" топ жарған Алексей Луценко жеңісінен кейін әсерін бөлісті

Опубликовано:

Алексей Луценко марапаттау рәсімі кезінде
Алексей Луценко марапаттау рәсімі кезінде. Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Astana Qazaqstan Team командасы көпкүндік бас классификациясында жеңіске жетіп, "Түркия турын" сәтті аяқтады. Команда капитаны Алексей Луценко Бабадаг тауының шыңындағы үшінші кезеңде жеңіске жетіп, келесі бес күнде мықтылығын Стамбулдың тарихи орталығында дәлелдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

"Түркия турында" топ жарған отандасымыз жеңісінен кейін әсерін бөлісті. Спортшы маусымның дәл осындай жетістікпен аяқталғанына аса қатты қуаншты екенін жеткізді.

"Мен бұл жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын! Жейдені бір апта бойы қорғау оңай болған жоқ, бірақ менің қасымда керемет команда жасақталып және бұл шабандоздармен бәрі мүмкін болды. Бабадагқа дейінгі кезең шынымен қатал болды, мен сол жерде жеңімпаз болғаныма өте қуаныштымын және мақтан тұтамын. Содан, кейінгі күндердің аралығында командамен бірге біз көшбасшылықты қорғауды және жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бұл команда үшін де, мен үшін де маусымның ең әдемі аяқталуы деп есептеймін.

Күрделі маусымды осындай жетістікпен аяқтау өте жақсы көрсеткіш. Бірнеше жыл бұрын мен Түркияда жеңіске жетуге бір табан жақын едім, бірақ жарысты екінші болып аяқтадым. Осы жолы осында келгеннен кейін мен бұдан да биік белестерге қол жеткізуге ынталы болдым, нәтижеге назар аудардым, мен Азия ойындарында да және одан кейін де керемет формаға ие болдым. Нәтижесінде, мен командаластарыммен бірге біз жеңіске жете  алдық", – деді Алексей Луценко.

Айта кетейік, қазақстандық велошабандоз "Туркия турының" жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2041215-turkiya-turynda-top-zargan-aleksei-lucenko-zenisinen-keiin-aserin-bolisti/

pixel