Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына бес жаңа спорт түрі енгізілді

Опубликовано:

Олимпиада туы
Олимпиада туы. Фото: pixabay.com

Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына енген спорт түрлерінің тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына флаг-футбол, крикет, лакросс, сквош және бейсбол/софтбол ресми түрде енгізілді.

Ал 2024 жылғы Париж Олимпиадасының бағдарламасына енген брейкинг тізімнен түсіп қалды.

ХОК атқарушы комитеті жаңа спорт түрлері 13 қазаннан бастап Олимпиада бағдарламасына қосылғанын мәлімдеді. айта кетелік, бұған дейін крикет, лакросс және бейсбол/софтбол Олимпиада бағдарламасында болған.

Токио Олимпиадасында каратэ мен скейтбордингтен жеңімпаздар анықталған. Қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетіп жүрген каратэ спорты 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасынан тыс қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2041300-2028-zylgy-los-andzeles-olimpiadasynyn-bagdarlamasyna-bes-zana-sport-turi-engizildi/

pixel