Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннисші Анна Данилина Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

Опубликовано:

Анна Данилина жарыста
Анна Данилина жарыста. Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Монастир (Тунис) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге алғашқы айналымда хорватиялық Мариана Дражич - латвиялық Дарья Семенистаямен бақ сынасты.

Тартысты кездесу бір сағатқа созылды. Соңында қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды. Хорватиялық-латвиялық дуэт 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) ғана шектелді.

Анна Данилина - Александра Панованың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2041657-tennissi-anna-danilina-tunistegi-turnirdin-sirek-finalyna-syqty/

pixel