Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диас Ахметшәріп жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Диас Ахметшәріп
Диас Ахметшәріп. Фото: t.me/Turizm_zhane_sport_ministrligi

Диас Ахметшәріп Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ведомство Telegram-дағы ресми арнасында.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.

Ұзақ жылдар "Хабар" агенттігі мен "Қазақстан" телеарнасында спорт журналисі болған.

"Қазспорт" мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, "Insport" телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.

2003-2007 жылдары – Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы.

2010 - 2012 жылдары – "Астана-СК" корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры).

2012-2013 жылдары – Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі.

Сондай-ақ Олимпиада және Азия ойындарының, спорт түрлерінен әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және Қазақстан құрамасының баспасөз атташесі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2041720-dias-axmetsarip-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel