
Динара Куджулова мен Бауыржан Арыстанбеков Паразиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Туризим және спорт министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.
Қазақстандық Динара Куджулова Ханчжоуда өтіп жатқан Паразиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін сайыста біздің отандасымыз өзбек спортшысы Мұхарраммхон Абдусаматованы жеңді. Жекпе-жек 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.
Қазақстандық спортшы Бауыржан Арыстанбеков пара дзюдодан қола жүлдегер атанды.
Қола медаль үшін күресте біздің отандасымыз Индонезиядан келген палуанды жеңді. Жекпе-жек J1 санаты бойынша 90 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2042372-paraziada-oiyndarynda-qazaqstan-quramasynyn-qorzyny-tagy-eki-qola-medalmen-tolyqty/