Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мерген нысана көздеуден Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Опубликовано:

Арина Алтухова жүлдесімен
Арина Алтухова жүлдесімен. Фото: Instagram/qaz_olympics

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында қазақстандық мерген Арина Алтухова Олимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

50 метр жерден пневматикалық тапаншадан үш позициядан оқ ату бәсекесінде отандасымыз финалда 5-орын иеленіп, Париж Олимпиадасының лицензиясын қанжығасына байлады.

Бұл Қазақстан құрамасының осы спорт түріндегі екінші лицензиясы болды. Бакуде өткен әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев иеленген еді.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасады. Оның барысында 24 Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2043369-qazaqstandyq-mergen-nysana-kozdeuden-olimpiada-licenziyasyn-zenip-aldy/

pixel