Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы киокушинкай-кан каратэден Әлем чемпионатында 115 медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Киокушинкай-кан каратэден Әлем чемпионаты
Киокушинкай-кан каратэден Әлем чемпионаты. Фото: kazsports.kz

Алматы қаласындағы Sadu Arena спорт кешенінде өткен киокушинкай-кан каратэден Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар Ресей мен Жапония спортшыларын басып озды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Біріншілікке 33 елдің 700-ге жуық спортшысы қатысты. Жарыстың соңғы күнінде ересектер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Әйелдер 5, ерлер 8 салмақта күш сынасып, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс, 11 қола жүлде иеленді.

Әйелдер:

  • Нарқыз Ұзақбаева (50 келі) – алтын;
  • Ұлжан Рақышева (+65 келі) – алтын;
  • Мадина Сауытова (50 келі) – күміс;
  • Амина Досымбек (55 келі) – күміс;
  • Карина Досымова (65 келі) – күміс;
  • Гүлдана Оспанова (55 келі) – қола;
  • Назира Ахметова (60 келі) – қола;
  • Әсел Әзімханова (65 келі) – қола.

Ерлер:

  • Хатип Аюпов (65 келі) – алтын;
  • Нұрлыхан Садвокасов (80 келі) – алтын;
  • Рысбек Мақсұтов (85 келі) – алтын;
  • Никита Гарас (+85 келі) – алтын;
  • Мадиярбек Ұзақбай (55 келі) – күміс;
  • Әділхан Ақылжан (55 келі) – қола;
  • Дархан Арыстанбеков (55 келі) – қола;
  • Едіге Кемежанов (60 келі) – қола;
  • Әлішер Карменов (65 келі) – қола;
  • Айбек Аманов (70 келі) – қола;
  • Бекзат Орынбасаров (70 келі) – қола;
  • Бекарыс Сұрағанбек (75 келі) – қола;
  • Алмаз Құрмет (80 келі) – қола.

Жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасындағы "ката" және "кумитэ" бәсекелерін қоса есептегенде Қазақстан құрамасы 29 алтын, 25 күміс, 61 қола медальмен жалпы есепте топ жарды. Ресей құрамасының спортшылары 24 алтын, 26 күміс, 47 қола алып, екінші орыннан көрінді. Ал 10 алтын, 7 күміс, 2 қола алған Жапония үздік үштікті түйіндеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2047816-zaponiyany-basyp-ozdy-qazaqstan-quramasy-kiokusinkai-kan-karateden-alem-cempionatynda-115-medal-aldy/

pixel