Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландтық паралимпиадашы үйлену тойында қалыңдығын атып өлтірді

Опубликовано:

қару ұстаған адам
Қару ұстаған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Таиландтық паралимпиадалық жүзуші Чатуронг Суксук өз үйлену тойында төрт адамды атып, одан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды BBC басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өткен аптаның соңында 29 жастағы спортшы 44 жастағы сүйіктісіне үйленуі керек еді. Алайда ол кенеттен үйлену тойынан кетіп қалған. Содан кейін тапаншамен оралып, қалыңдықты, сондай-ақ оның 62 жастағы анасы мен 38 жастағы әпкесін атып тастаған. Оқ екі қонаққа да тиіп, олар ауруханаға түсті. Олардың бірі кейін қайтыс болған.

Қылмыстан кейін Суксук өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция оның қатты мас болғанын және оның мұндай қадамға не себепті барғаны анықталмағанын айтты. Өткен жылы Суксук қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңды түрде сатып алған.

Тайландтық ақпарат құралдарының хабарлауынша, паралимпиадашы мен оның көз жұмған қалыңдығы үйлену тойына дейін үш жыл бірге өмір сүрген. БАҚ мәліметінше, мереке кезінде ерлі-зайыптылар жанжалдасып, күйеу жігіт жас айырмашылығына байланысты ыңғайсыздықты сезінген.

Суксук өткен жылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) Паралимпиадасында жүзуден күміс жүлдегер атанды. Ол спорттық мансабын Тайланд шекарасын күзететін әскерилендірілген жеңіл жаяу әскер бөлімінде қызмет ету кезінде оң аяғынан айырылғаннан кейін бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2048083-tailandtyq-paralimpiadasy-uilenu-toiynda-qalyndygyn-atyp-oltirdi/

pixel