Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таеквондодан Гран-при финалда бір ғана қазақстандық спортшы бақ сынайды

Опубликовано:

Таеквандошы Жансель Дениз
Таеквандошы Жансель Дениз. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

2-3 желтоқсан аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан 2023 жылғы Гран-придің финалы өтеді. Қазақстан атынан бұл жарысқа Жансель Дениз ғана барады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гран-при финалда Олимпиада бағдарламасына кіретін 8 салмақта 38 мемлекеттен жиналған 128 таңдаулы спортшы жүлдеге таласады. Жинаған ұпайлар Парижде өтетін жазғы ойындарға жолдама алуға жақындата түседі.

Қазақстан атынан Манчестерге тек бір ғана таеквондошы барады. Ол – 67 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Жансель Дениз. Джакартада өткен Азиадада күміс медаль алған. Биыл Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанған Жансель өз салмағында әлемдік рейтингте 14-сатыда тұр.

Ұлттық құрама өкілі Гран-при финалына қатысатындықтан 2-4 желтоқсан күндері Астана қаласында өтетін VI жазғы Спартакиадаға қатыса алмайды.

Жансель биыл Бакуде өткен әлем чемпионатында 73 келі салмақта ширек финалда Полина Ханға есе жіберіп, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Бұл салмақта әлем чемпионы атанған Алтея Лорин жалпы рейтингте көш бастап тұр.

Бұдан бөлек, Манчестерде өтетін Гран-при финалында 2019 жылғы әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Джун Чжан (Оңтүстік Корея, 58 келі), Токио Олимпиадасының чемпиондары Панипак Вонгпаттанакит (Таиланд, 49 келі) және Ұлықбек Рашитов (Өзбекстан, 68 келі), биылғы әлем чемпиондары Симоне Алессио (Италия, 80 келі), Шейк Салла Сиссе (Кот-д'Ивуар, 80 келі), Цзунши Ло (Қытай, 57 келі) және Магда Вит Энен (Франция, 67 келі) бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2048134-taekvondodan-gran-pri-finalda-bir-gana-qazaqstandyq-sportsy-baq-synaidy/

pixel