Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ауыр атлеттер Гран-при турниріне қатысады

Опубликовано:

Денис Уланов
Денис Уланов. Фото: olympic.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан командасы Катардағы Гран-при турниріне қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

4-14 желтоқсан аралығында өтетін турнирге Қазақстан сапынан 13 атлет қатысады. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Уланов та бар.

Әйелдер:

  • 45 келі: Айнұр Әбдіхалықова
  • 59 келі: Дарья Балабаюк
  • 76 келі: Айша Омарова 
  • 81 келі: Арай Нурлыбекова

Ерлер:

  • 67 келі: Сайрамкез Ақмолда
  • 73 келі: Әлібек Рахымберді
  • 73 келі: Әли Нұрбай
  • 81 келі: Денис Уланов
  • 89 келі: Асылжан Бектай 
  • 89 келі: Еламан Сейтқазы
  • 96 келі: Кирилл Староверкин
  • 102 келі: Әлішер Сейтқазы
  • 109 келі: Сұлтан Мейрам.

Аталған турнирде Париж Олимпиадасына рейтингілік ұпайлар үлестіріледі. 

Еске салайық, Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров қола медаль алды. Қытайдағы додаға дейін Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген еді.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев кейінгі жылдары ауыр атлеттердің жаппай допинг дауына ұшырағанын айтқан болатын. 2022 жылдан бері 43 спортшы допинг қолданды деп айыпталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2048645-qazaqstandyq-auyr-atletter-gran-pri-turnirine-qatysady/

pixel