jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық маман Азия теннис федерациясының президенті болып сайланды

    Азия теннис федерациясы
    Азия теннис федерациясы. Фото: ktf.kz

    Қазақстандық маман Юрий Польский алдағы төрт жылға Азия теннис федерациясының (ATF) президенті болып сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Президенттік сайлау сейсенбі, 12 желтоқсан Бангкоктағы ATF бас сессиясы аясында өтті. Үміткерлер арасында Таиланд, Жапония және Шри-Ланкадан үш маман болды. Сайлау барысында Юрий Польский ең көп дауыс жинады.

    Юрий Польский ATF Президенті болғандықтан, Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін де басқарады. Бұл қауымдастықта соңғы 4 жыл вице-президент қызметін атқарған еді.

    Польскийді сайлаудың негізгі себебі соңғы 16 жылда Қазақстан теннис федерациясы жүргізіп келе жатқан реформалар болды. Енді бұл тәжірибемен Қазақстан теннис федерациясының өкілдері өңірлік бастамалар шеңберінде және осыған ұқсас өзгерістерді 44 елде теннисті дамыту үшін зор әлеуетке ие Азия өңірі елдерінде жоспарлап отыр.

    Қазақстандық маман Азия теннис федерациясының президенті болып сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.