Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор "бірреттік киюге жарамды" форма дауынан министрлікте тексеріс бастады

Опубликовано:

Қазақстандық спортшылардың Азиадаға киген формасы
Қазақстандық спортшылардың Азиадаға киген формасы. Фото: instagram.com/kzsports

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ОКҚ брифингі барысында Антикор Азиададағы "бір реттік киюге жарамды" формаға қатысты жанжалдан кейін Антикор ведомствода тексеріс бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствода белгілі бір тексерулер жүргізе бастағанын хабарлады.

"Экономикалық тергеу қызметі де Спорт комитеті мен спортты дамыту дирекциясы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Біраз күту керек. Нәтижелер болады деп ойлаймын", - деді Ермек Маржықпаев.

Ол Азиадаға қатысқан спортшылардың наразылығын тудырған форма заңнамаға сәйкес қазақстандық өндірушіден мемлекеттік сатып алу арқылы алынғанын айтты. Бұл өнім беруші "Атамекен" ҰКП-да адал тауар өндірушілерінің тізілімінде көрсетілген.

Ол сондай-ақ қазақстандық спортшылардың 2024 жылы Париждегі Олимпиадада ел атынан қатысатын спортшыларға форма таңдауда мұндай жағдай қайталанбайтынына сендірді.

"Ақпанда олимпиадашылар Парижге баратын форманы ұсынамыз. Бүгін бізде белгілі бір байқау өтіп жатыр. Жергілікті және шетелдік жеткізушілер қатысады. Біз бәрін заңды түрде жасаймыз. Күту керек. Біз белсенділерді, журналистерді, блогерлерді шақырамыз. Халықтық дауыс беру арқылы таңдағымыз келеді. Механизмін алдағы уақытта шеше жатармыз", - деді ол.

Еске салайық, қыркүйекте спортшы Алина Маркелова Азиада-2023 додасына берілген формаға шағымданған еді. Ол киім формасын "бірреттік" деп атаған.

Содан кейін Туризм және спорт министрлігі өкілдері Азия ойындарынан кейін спортшылардың түрлі жарыста өнер көрсетуі үшін спорттық форма жасау мәселелерін зерттейтін комиссия құрылатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2050636-antikor-birrettik-kiyuge-zaramdy-forma-dauynan-ministrlikte-tekseris-bastady/

pixel