Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар: UFC 296-ның негізгі жекпе-жектері мерзімінен бұрын аяқталады

Опубликовано:

UFC
Фото: Parimatch Kazakhstan

UFC-дің 2023 жылғы соңғы турнирі бізге екі керемет сыйлығын дайындап отыр. Жартылай орта салмақтағы белбеу үшін "стильдер шайқасы" және қазақстандық жұлдызды спортшының үздіктер бестігіне ену мүмкіндігі - талқылауға тұрарлық жағдай. Parimatch сарапшыларының пікірінен хабардар болыңыз.

Шавкат жеңіске оңай қол жеткізеді ме?

UFC-дегі 3 жыл ішінде Шавкат Рахмонов (17-0) жарқын болашағы бар жаңа ойыншыдан титулға нақты үміткерге дейінгі жолдан өтті. 5 жекпе-жекте 5 мерзімінен бұрын жеңіс "Номадтың" тұрыстағы шайқаста да, партерде де мықты екенін және кез-келген қарсыласқа қарсы тиімді шайқас жүргізе алатынын көрсетті. UFC 296-да оны тәжірибелі Стивен Томпсонмен (17-6) өтетін үлкен сынақ күтіп тұр. Бұл жекпе-жек Шавкаттың атақ үшін күресуге лайық, не лайық емес екенін көрсетеді.

"Вандербойдың" қауіпті тұсы - тұрыстағы шайқас. Каратэ мен кикбоксингті меңгеруінің арқасында Стивен аяғының мықты соққыларына ие болып, қарсыласымен қашықты тамаша ұстай алады. Алайда, Рахмонов Томпсоннан 11 жас кіші және грэпплингте басымырақ, оған қоса "Номад" физикалық күші жағынан да мықтырақ. Сондықтан Parimatch сарапшылары Шавкат жеңіске мерзімінен бұрын жететініне сенімді болып, бұл нұсқаға 1.40 коэффициентін ұсынады.

Көше баласының көп сөйлеушіге қарсы айқасы

UFC 296-ның басты жекпе-жегі де көңіл аударуға лайық - Леон Эдвардс пен Колби Ковингтон шайқасы. Қылмыс өршіп тұрған аймақта өскен, Ямайкадан келген британ спортшысы ұзақ уақыт бойы UFC-дің үздіктері қатарынан болған, бірақ оның чемпион екеніне сенім өте аз болған. Бұл сенімсіздіктің бәрі 2022 жылдың тамызында сейілді: Камара Усманды хайкикпен нокаутқа түсіргеннен кейін, Рокки жартылай орта салмақтағы белбеуді жеңіп алды, ал 2023 жылдың наурызында ол белбеуді қайта қорғай алды. Енді Эдвардстың атағын UFC-дің көп жыл бойы келе жатқан көшбасшысы, аңдамай көп сөйлейтін спортшы ретінде танымал Колби Ковингтон тартып алуға тырысып көреді.

Бірақ "Хаос" тек трэштокта мықты болып отырған жоқ, оның шайқас жүргізуі мен төзімділігі жоғары деңгейде. Оның соққыларының күші жоқ болса да, бокс техникасын жақсы меңгерген. Алайда Эдвардс тұрыстағы шайқаста оған қарсы төтеп беруі екіталай: техника мен қашықтық сезімі "Роккиге" көптеген жеңіс әкелді. Оған қоса, Леон кез келген уақытта атылып, қарсыласын ойрандауы мүмкін - Усманмен өткен шайқас оған дәлел - осыған қосып айта кетерлік жайт, Колбиден шыдамдылық жағынан еш кем түспейді.

Қарсыластар мықтылығы жағынан теңдей және бір-біріне лайық, алайда, Parimatch сарапшылары Эдвардсты үлкен айырмашылықсыз фаворит ретінде көреді, сондықтан оған 1.69 ұсынып, Ковингтонға 2.10 берген. Леонның жеңісінің құпиясы мынада: Ковингтонға өзін партерге ауыстыруына жол бермеу (Усманмен өткен текетіреске қарағанда, ол мұны өте жақсы іске асыра алады) және оған қоса қарсыласын тұрыстағы шайқаста талқандау. Мұндай жағдайда Рокки мерзімінен бұрын жеңіске жетуі мүмкін.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2051052-sarapsylar-ufc-296-nyn-negizgi-zekpe-zekteri-merziminen-buryn-ayaqtalady/

pixel