Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатесін мойындады": гимнастикадан Қазақстан құрамасының бапкері Азиадада болған жағдайды айтты

Жарияланған күні:

Нариман Құрбанов
Нариман Құрбанов. Фото: olympic.kz

Гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Ким төрешінің қателігінен зардап шеккен спортшы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нариман Құрбанов 2022 жылы өткен Азиада ойындарында қола жүлде жеңіп алған еді. Алайда бапкердің айтуынша аталмыш жарыста әділетсіздік орын алған екен. Қазақстандық спортшы гимнастикадағы ат үстіндегі жаттығу финалында 15,100 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алған еді. Алтын медальды қытайлық Ли Чи Кай (15,500) иеленсе, екінші орынды жапониялық Риота Цумура (15,166) алды. Кейін төрешілердің бірі баға қою кезінде қателескенін мойындады дейді Александр Ким.

"Мен Нариманды кем дегенде күміс медальға лайық деп есептеймін. Бірақ төрешілердің бірі оған төмен ұпай қойды. Кейін ол қателескенін мойындап, кешірім сұрады. Бірақ ресми тұрде нәтиже өзгермейді ғой. Біздің гимнастарымыз осыған дейін 2014 жылы Инчхонда да, 2018 жылы Джаркартада да медальсіз қалған еді", – деді Александр Ким.

Еске салайық, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есепте 80 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола жүлделер болды. Қорытынды нәтижелер бойынша қазақстандық команда 11-орынды иеленген еді .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2051880-qatesin-moiyndady-gimnastikadan-qazaqstan-quramasynyn-bapkeri-aziadada-bolgan-zagdaidy-aitty/