Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бахтиер Зайнутдинов Түркиядағы ауыр дертке душар болған балаларға тосынсый жасады (фото)

Жарияланған күні:

Бахтиер Зайнутдинов
Бахтиер Зайнутдинов. Фото: instagram/besiktasjkglobal

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Ыстамбұлдағы онкологиялық дертке шалдыққан балаларды емдейтін емханаға барып, жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бешикташ" футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бешикташ" футбол клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов жаңа жыл қарсаңында онкологиялық дертпен емделіп жатқан балаларды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар өзінің ойын формасын және басқа да сыйлықтар тарту етіп, бүлдіршіндердің көңіл күйін көтеріп қайтты.

"Бахтиер Зайнутдиновтың жаңа жылдық тосынсыйы! Бахтиер Аджибадем Маслак атындағы онкологиялық дертке шалдыққан балаларды емдейтін емханаға барды. Бүлдіршіндерге жаңа жыл қарсаңында тамаша тосынсый жасады", – деп жазды "Бешикташ" футбол клубының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған еді. Олардың арасында Бахтиер Зайнутдинов та бар. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиер Зайнутдинов пен Максим Самородов Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медаліне лайық деп танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2051883-baxtier-zainutdinov-turkiyadagy-auyr-dertke-dusar-bolgan-balalarga-tosynsyi-zasady-foto/