jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Тоқаев ұлттық құрама футболшыларын "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісімен марапаттады

    Бахтиер Зайнутдинов ойын кезінде
    Бахтиер Зайнутдинов ойын кезінде. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың арасында елімізге танымал футболшылар мен спорт шебері бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

    Республика күні қарсаңында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиер Зайнутдинов пен Максим Самородов Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медаліне лайық деп танылды.

    Сондай-ақ еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері Ислам Байрамұқов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

    Айта кетейік, 17 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу кезеңінде сырт алаңда Финляндия командасымен кездесті. Тартысты матчта отандастарымыз камбэк жасап (1:2), тарихи жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапынан екі голды да Бахтиер Зайнутдинов салды.

    Тоқаев ұлттық құрама футболшыларын "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісімен марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.