jitsu gif
Спорт

    Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Швентекті жеңді

    Теннисші Елена Рыбакина
    Теннисші Елена Рыбакина. Фото: Artur Widak/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина World Tennis Series турнирі аясында әлемдік рейтинг көшбасшысы Ига Швентекпен матч өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Aбу-Дабида өтіп жатқан турнирде қазақстандық спортшы румыниялық Сорана Кырстя, америкалық Тейлор Фриц және үнді спортшысы Сумит Нагалмен бірге "Falcons" командасында өнер көрсетуде.

    Матчтар бір сеттен ғана өтіп жатыр. Алғашында қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасынан 4:6 есебімен артта қалса, командалық кездесудің жеңімпазын анықтау үшін болған тай-брейк форматындағы кездесуді жеңіспен аяқтады (10:8).

    Нәтижесінде "Falcons" командасы 3-2 есебімен "Hawks" ұжымын жеңді. Ал жеңілген топта Ига Швентектен басқа француздық Каролин Гарсия, польшалық Хуберт Хуркач және норвегиялық Каспер Рудд бар. Осыған дейін жұптық кездесу кезінде Кырстя мен Рыбакина Швентек-Гарсия жұбын жеңген болатын.

    Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші командалық өнер көрсету бойынша ең үздік спортшы (MVP) деген атағын жеңіп алды. Сайыста бақ сынаған "Kites" ұжымы "Eagles" командасын 3-2 есебімен артта қалдырды. Жеңіске жеткендер сапын грек Стефанос Циципас, болгар Григор Димитров, белорусиялық Арина Соболенко және испандық Паула Бадос толтырды. Ал "Eagles" құрамында ресейлік Рублев, Мирра Андреева және америкалық София Кенин бар.

    Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Швентекті жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.