Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында тұрмысқа шыққан Сора Рахмонова бал айы қалай өтіп жатқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Сора Рахмонова мен күйеуі
Сора Рахмонова мен күйеуі. Фото: Instagram/rakhmonova____

Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова жолдасымен бірге бал айына аттанды. Желтоқсан айының басында отау құрған жас жұбайлар демалысы қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желіде көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сора Рахмонованың бал айына аттанғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Спортшы ару өз парақшасында күйеуімен шетелге ұшып кеткенін хабарлаған. Жас жұбайлардың таңдауы Шри-Ланкаға түскен.

Олар ыстық мекеннен фото мен видео жариялап, оқырмандарына демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуде. Ерлі-зайыпты Шри-Ланканың әсем жерлерін аралап, Үнді мұхитына суға түскен.

Сонымен қатар жас жұбайлар бал айында спортты да ұмытпаған. Сора Рахмонова мен Нұрсұлтан Орынбасаров Шри-Ланкада серфинг спорт түрін меңгеруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2052494-zaqynda-turmysqa-syqqan-sora-raxmonova-bal-aiy-qalai-otip-zatqanyn-korsetti-video/

pixel