Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшамыз тасып бара жатыр ма": депутат спортшылардың жалақысына наразылық білдірді

Жарияланған күні:

"Барыс" хоккей клубы
"Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

Мәжіліс депутаты Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлы легионерлерге бөлінетін ақша мәселесін көтеріп, наразылығын білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, үлкен спорттарға 770 миллион доллар бөлінеді. Бірақ қарапайым халық бұл ақпараттан бейхабар.

"Өзімнің депутаттық сауалымда легионерлер мәселесін көтердім. Тіпті оларды біздің спорт алаңымыздан толығымен алып тастау туралы ұсыныс болды. Мен 2023-2024 жылдарға арналған "Барыс" хоккей клубы легионерлерінің жалақысы туралы ресми мәліметтерді айтқым келіп тұр, бірінші орында – Эдвард Паскуале, бір маусымда 65 миллион рубль алады, екінші орында – Алекс Грант (58 миллион рубль), үшінші орында – Нельсон Пышье (35 миллион рубль).

Бұрын ол 18 миллион алатын, ал қазір, 2023-2024 жылдары 35 миллионға дейін. Бұл тек хоккейде. Хоккейшілердің маусымдық бонустарын қоспағанда деп жазылған. Біз бұл спортшыларды осындай деңгейде асырайтын баймыз ба?", - деді Нартай Аралбайұлы.

Нартай Сәрсенғалиев Қазақстандағы допинг мәселесін де көтерді.

"Қателеспесем, биыл 93 спортшы допингпен ұсталды. Өйткені бізде допинг орталығы ашылды. Орталық жыл сайын үш мың сыналым жібереді екен. Ал Қызғызстанда 10 сыналым болса, Беларусьта 320. Біз неге 3000 сыналым жібереміз? Кешіріңіздер, допинг орталығы жыл сайын министрліктен 1 млрд теңге алады. WADA агенттігіне жыл сайын 3 мың сыналым жіберуімізге не себеп?", - деп сауал қойды депутат.

Осыған қатысты спорт вице-министрі Серік Жарасбаев легионерлердің санын азайту мәселесі жоспарланып отырғанын айтты.

"БАҚ-та тараған ақпарат рас. "Барыс" хоккей клубының қаржыландыруын қайта қараймыз. Легионерлерге келетін болсақ, барлық спорт түріне қатысты, алаңда қанша спортшы болатынын қайта қарау керек. Бірақ бұл ішкі мәселелер", - деді вице-министр.

Еске салайық, қазақстандық 9 спортшының допинг қабылдағаны расталып, халыраралық жарыстардан шеттетілген еді. Олардың арасында боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Серік Абзал бар.

Қостанайлық "Тобол" командасының қорғаушысы Руслан Валиуллин да допинг табылғаннан кейін ойыннан шеттетіліп, екі жылдан соң 2023 жылдың қараша айында қайтадан командаға қосылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2052650-aqsamyz-tasyp-bara-zatyr-ma-deputat-sportsylardyn-zalaqysyna-narazylyq-bildirdi/