jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 30 лицензия жеңіп алды

    Александр Мухин
    Александр Мухин. Фото: Ulrik Pedersen/NurPhoto via Getty Images

    19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған Олимпиадаға Қазақстан 30 лицензия жеңіп алды. Ел намысын спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 cпортшы қорғайды. Олар биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру,  шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша сынға түспек.

    "2020 жылы Лозаннада өткен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасымен салыстырғанда алға жылжу байқалады. Өйткені, төрт жыл бұрын біздің құрама төрт спорт түрі бойынша 26 атлетті жарысқа қосқан болатын. Одан бөлек, Канвон-2024 қысқы ойындарында ұлттық құрама жетістікке жететін әлеуетке ие деп сеніммен айта аламын", – деді Ұлттық Олимпиада Комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков. 

    Канвон-2024 Олимпиадасына әлемнің 50 мемлекетінен 1800 спортшы қатысады. Жеті спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

    Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 30 лицензия жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.