Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биыл үлкен жетістікке жетемін": Елена Рыбакина жаңа маусымға арналған жоспарын айтты

Жарияланған күні:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Harold Alcocer/Jam Media/Getty Images

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияда өткен WTA 500 турниріндегі матчынан кейін жаңа маусымға арналған жоспарын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

WTA 500 Brisbane International турнирінің ширек финалында Анастасия Потапова жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады. Нәтижесінде Рыбакина келесі айналымға өтті.

Қазақстандық теннисші ойыннан кейінгі сұхбатында өткен жылы денсаулығына байланысты мәселелер болғанын айтып, осы осы маусымда жаңа титулдарды жеңіп алатынына сенімді.

"Соңғы жеті айда денсаулығым сыр бере бастады. Бірақ мен үшін ауырмай, денімнің сау болуы бірінші орында. Ал қалған дүниелерді командамызбен дайындап жатырмыз. Осы жылы үлкен жетістіктерге жетемін деген ойдамын", - деді Елена Рыбакина.

Жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы чехиялық Линда Носковамен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2054132-biyl-ulken-zetistikke-zetemin-elena-rybakina-zana-mausymga-arnalgan-zosparyn-aitty/