Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бублик, Жұқаев, Недовесов: теннистен халықаралық турнирде Қазақстан намысын кім қорғайды

Опубликовано:

Қазақстандық теннисші Александр Бублик
Қазақстандық теннисші Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Теннистен Қазақстан құрамасы 3-4 ақпанда Дэвис кубогының іріктеу матчында Аргентинаға қарсы ойнайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аргентинаға қарсы матчта Қазақстан намысын 5 теннисші қорғайды. Олар: әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик, сондай-ақ Денис Евсеев (184), Бейбіт Жұқаев (188), Тимофей Скатов (226) және жұптық сында дүниежүзілік рейтингте 46-ші орында тұрған Александр Недовесов.

"Құрамаға нәтижелері мен рейтингтегі орындарына байланысты өздерін таныта білген спортшылар алынды. Қарсылас туралы айтсақ, олардың құрамы өте мықты. Жекелей сында үш аргентиналық спортшы әлемдегі үздік 50 теннисшінің қатарына тұр. Тағы үшеуі жұптық сында ТОП-20-ға кіреді. Олардың бәрі топырақ төсенішінде жақсы ойнайды. Біз қиын болатынын түсінеміз. Дегенмен бар күшімізді саламыз. Бұған дейін сырт алаңда мықты командаларға қарсы ойнап, жеңген болатынбыз", – деді теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин.

Айта кетейік, матчтар Аргентина қаласының Росарио қаласында өтеді. Дэвис кубогының іріктеу ойындары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2054372-tennisten-xalyqaralyq-turnirde-qazaqstan-namysyn-qorgaityn-sportsylardyn-esimi-belgili-boldy/

pixel