Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нартай Аралбайұлы Қазақстан футбол федерациясын сынға алды

Опубликовано:

Депутат Нартай Аралбайұлы
Депутат Нартай Аралбайұлы. Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Қазақстан футбол чемпионаттарындағы легионерлер лимитін жою туралы шешімге пікір айтты. Бұл туралы Нартай Аралбайұлы 24.kz телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Депутаттар мен Спорт және туризм министрлігі легионерлердің лимитін жойып, бюджеттен бөлінетін ақшаны да қысқартуды ұсынып отырғанда Қазақстан футбол федерациясының осы шешімі маған мүлде түсініксіз.

Біз сырт ауылдарға, қалаларға жиі шығып тұрамыз. Халықтың қалай өмір сүріп жатқанын көріп отырмыз. Оның үстіне ұлттық құрама ойыншыларының көбі отыздан асқан. Жастарға орын беру туралы қандай әңгіме болуы мүмкін, егер де біздің жас футболшылар тіпті тәжірибе жинай алмаса. Біз лимитті бұрынғы қалпына келтіруді талап етеміз", – деді депутат.

Футбол федерациясы өкілдерінің ойынша, легионерлердің лимитін жою алаңдағы бәсекелестік деңгейін және ойын сапасын көтереді. Кәсіпқой клубтарды заңсыздықтардан, алаяқ агенттерден қорғайды. Спорт комментаторы Сергей Райлянның айтуынша, шетелдіктерге қатысты дәл осы шешім қабылданғалы футболшылар елеулі жетістікке жете бастады.

Еске салайық, Нартай Сәрсенғалиев бұл мәселені депутаттық отырыстарда бұрыннан көтеріп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2055183-nartai-aralbaiuly-qazaqstan-futbol-federaciyasyn-synga-aldy/

pixel