Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел қоржынына Париж Олимпиадасының екі жолдамасы түсті

Опубликовано:

Александра Ле
Александра Ле. Фото: olympic.kz

Нысана көздеуден Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы тағы екі жолдамаға қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Александра Ле 50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында 7-ші орын алып, Париждегі Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ал Никита Чирюкин 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түсті. Іріктеу кезеңінде 584 ұпай жинап, финалға өтті және Париж Олимпиадасының лицензиясын иеленді.

Әзірге нысана көздеуден ел қоржынында Париж Олимпиадасының бес жолдамасы бар. Бұған дейін лицензияға Ислам Сатпаев, Арина Алтухова және Константин Малиновский қол жеткізген еді.

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2055335-el-qorzynyna-pariz-olimpiadasynyn-eki-zoldamasy-tusti/

pixel