Ресейлік маман Андрей Канчельскис "Тобыл" клубының бас директоры қызметінен кеткеннен кейін ФИФА мен УЕФА-ға хат жібергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ sport24.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін Канчельскис қостанайлық команданың басшылығындағы кейбір адамдарды "алаяқтар" деп айыптаған еді.
"Мен өткен жылы "Тобылда" ойына келгенін істегендердің барлығына ФИФА мен УЕФА-ға хат жазып шағымдандым. Кімге екенін айтпай-ақ қояйын, бірақ процесс қазірдің өзінде басталып кетті. ФИФА-ға хат жазу, әрине, ұзаққа созылатын процесс, бірақ уақыт өте келе шешім қабылданады. Сосын бәрі бұл жағдай туралы білетін болады", – деді Канчельскис Sport24 порталының тілшісі Владислав Шапироға берген сұхбатында.
"Манчестер Юнайтед" командасының бұрынғы ойыншысы Канчельскис 2023 жылдың қараша айында "Тобыл" құрамасынан кетіп, қырғызстандық "Мурас Юнайтед" клубына басшылық қызметке тағайындалған еді.
Еске салайық, қостанайлық "Тобыл" футбол клубы өткен жылғы маусымда ел Кубогын жеңіп, Еуропа Лигасына жолдама алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2055500-tobyl-futbol-klubynyn-buryngy-bas-direktory-fifa-men-uefa-uiymdaryna-sagymdandy/