Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Футболдың ерекше жанкүйері": Хабиб Нұрмагомедов пен Златан Ибрагимович кездесті (видео)

Опубликовано:

Хабиб Нұрмагомедов пен Златан Ибрагимович
Хабиб Нұрмагомедов пен Златан Ибрагимович. Фото: instagram.com/acmilan

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нұрмагомедов пен футболшы Златан Ибрагимович "Милан" – "Рома" матчында кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Милан" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан Италия чемпионатының 20-туры аясында "Милан" өз алаңында "Рома" клубын қабылдады. Ойын 3:1 есебімен аяқталып, алаң қожайындарының пайдасына шешілді. "Милан" сапынан Ясин Адли, Оливье Жиру және Тео Эрнандес көзге түсті. Ал қарсылас командадан Леандро Паредес пенальтиден гол салды.

Осы матчта UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Хабиб Нұрмагомедов пен Златан Ибрагимович кездесті. "Милан" клубы жариялаған видеодан екеуінің амандасқанын және бірге суретке түскенін көруге болады.

“Үлкен ойынның ерекше жанкүйері”, – делінген видеоның астындағы жазбада.

Айта кетейік, қазір Италия чемпионатының турнир кестесінде "Милан" 42 ұпаймен үшінші орында, ал "Рома" 29 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2055525-futboldyn-erekse-zankuieri-xabib-nurmagomedov-pen-zlatan-ibragimovic-kezdesti-video/

pixel