Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына аттанды

Опубликовано:

Қазақстан ұлттық құрамасы
Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: olympic.kz

Бүгін, 15 қаңтарда елордада Қазақстан ұлттық құрамасын Канвон-2024 (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты жиында Қазақстанның көк байрағы он жеті жастағы шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан мен конькимен жүгіруден құрама мүшесі Кристина Шумековаға табысталды.

"Еліміздің байрағын көтеріп шығу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл халық алдындағы жауапкершілік қана емес, елдегі бірлік пен қолдаудың үлгісі. Біз жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді саламыз", – деді Ерасыл Шыңғысхан. 

Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстаннан 41 cпортшы қатысады. Олар биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы және фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды. Ұлттық құрамадағы спортшылардың басым бөлігі олимпиадалық деңгейдегі ірі жарыста алғаш рет бақ сынағалы отыр.

Айта кетейік, аталмыш Олимпиада 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Осы уақыт ішінде жеті спорт түрі (15 дисциплина) бойынша 81 жүлде жиынтығы сарапқа салынбақ. Дүбірлі додаға 50 елден 1500-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2055578-qazaqstandyq-sportsylar-ontustik-koreyada-otetin-zasospirimder-olimpiadasyna-attandy/

pixel