Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" велокомандасының спортшылары Аустралиядағы турнирде жарақат алып қалды

Жарияланған күні:

Қазақстандық велоспортшылар
Қазақстандық велоспортшылар. Фото: twitter.com/AstanaQazTeam

Аустралияда өтіп жатқан "Тур Даун Андер" көпкүндігінің үшінші кезеңінде Astana Qazaqstan Team велокомандасының спортшылары жарақат алып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" велокомандасының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнир барысында қазақстандық 3 велоспортшы жарақат алды.

"Кристиан Скарони cол білегін ауыртып алды, бірақ сынық жоқ. Самуэле Баттистелла арқасын соғып алды. Ал Микеле Газзолинің терісі зақымдалды және тізесі жарақаттанды", – делінген команданың X желісіндегі жазбасында.

Жарыстың үшінші кезеңінің маршруты Ти-Три-Галли қаласынан Кэмпбеллтаунға дейін белгіленген еді (143.5 км).

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, "Тур Даун Андер" көпкүндігі 16-21 қаңтар аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасынан Самуэле Баттистелла, Джанмарко Гарофоли, Микеле Гадзоли, Дмитрий Груздев, Макс Кантер, Кристиан Скарони, Рудигер Зелиг сынды велошабандоздар қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056237-astana-velokomandasynyn-sportsylary-australiyadagy-turnirde-zaraqat-alyp-qaldy/