"Астана" велокомандасының спортшылары Аустралиядағы турнирде жарақат алып қалды
Опубликовано:
Аустралияда өтіп жатқан "Тур Даун Андер" көпкүндігінің үшінші кезеңінде Astana Qazaqstan Team велокомандасының спортшылары жарақат алып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" велокомандасының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Турнир барысында қазақстандық 3 велоспортшы жарақат алды.
"Кристиан Скарони cол білегін ауыртып алды, бірақ сынық жоқ. Самуэле Баттистелла арқасын соғып алды. Ал Микеле Газзолинің терісі зақымдалды және тізесі жарақаттанды", – делінген команданың X желісіндегі жазбасында.
Жарыстың үшінші кезеңінің маршруты Ти-Три-Галли қаласынан Кэмпбеллтаунға дейін белгіленген еді (143.5 км).
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, "Тур Даун Андер" көпкүндігі 16-21 қаңтар аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасынан Самуэле Баттистелла, Джанмарко Гарофоли, Микеле Гадзоли, Дмитрий Груздев, Макс Кантер, Кристиан Скарони, Рудигер Зелиг сынды велошабандоздар қатысып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056237-astana-velokomandasynyn-sportsylary-australiyadagy-turnirde-zaraqat-alyp-qaldy/