jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисшілер Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті

    Теннис
    Михаил Кукушкин кортта. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    Михаил Кукушкин мен Денис Евсеев Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Михаил Кукушкин турнирдің екінші айналымында әлемдік рейтингте 235-орында тұрған франциялық теннисші Жоффри Бланканомен кездесті. Кукушкин екі сетте де қарсыласына дес бермей, 7:6, 7:6 есебімен жеңді. Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға өту үшін әлемнің 379-ракеткасы, Испания өкілі Хавьер Косано Барранкодаға қарсы ойнайды.

    Денис Евсеев екінші айналымда жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньиниден басым түсті ( 6:3, 1:6, 6:3). Евсеев осы ойында 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Оның ендігі қарсыласы – италиялық теннисші Самюель Винсент Руджери.

    Айта кетейік, Тенерифе (Испания) челленджер турнирі 21 қаңтарға дейін жалғасады.

    Қазақстандық теннисшілер Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.