Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Оңтүстік Кореяда алтын медаль иеленген жас спортшыны құттықтады

Опубликовано:

Илья Мизерных
Илья Мизерных. Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшы Илья Мизерныхты Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленуімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056546-toqaev-ontustik-koreyada-altyn-medal-ielengen-zas-sportsyny-quttyqtady/

pixel