jitsu gif
Спорт

    Канвон-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесінде нешінші орында тұр

    Қазақстан ұлттық құрамасы
    Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 қысқы Олимпиадаcының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы үздік ондықтан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық құрамасы медаль кестесінде 14-орында тұр. Ел қоржынында 1 алтын және 1 қола жүлде бар. Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында Илья Мизерных алтын медаль еншілесе, шорт-тректен 1000 метр қашықтыққа жүгіруден Полина Омельчук қола медаль жеңіп алған еді.

    Жасөспірімдер Олимпиадасының қазіргі кестесі
    Жасөспірімдер Олимпиадасының қазіргі кестесі. Скриншот: olympics.com

    Әзірге жасөспірімдер Олимпиадасында ең көп жүлде алған құрама — Италия. Бұл мемлекеттің қоржынында 7 алтын, 2 күміс, 2 қола бар. Екінші орынға 6 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленген Германия командасы жайғасқан. Үздік үштікті қорытындылап тұрған Францияның еншісінде 5 алтын, 2 күміс, 2 қола бар. Ал Олимпиада қожайындары Оңтүстік Корея құрамасы 5-орынға табан тіреген (2 алтын, 2 күміс, 4 қола).

    Айта кетейік, Канвон-2024 Олимпиадасы 19 қаңтарда басталды және 1 ақпанға дейін жалғасады. Екі апта ішінде әлемнің 78 мемлекетінен жиналған 1802 спортшы 81 медаль жиынтығын сарапқа салады. Дүбірлі додаға Қазақстаннан 41 спортшы барды. Олар 5 спорт түрінен 9 дисциплина бойынша бақ сынап жатыр.

    Канвон-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесінде нешінші орында тұр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.