Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркін Тапалов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы үздік ойыншыны атады

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Еркін Тапалов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы үздік ойыншының есімін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Тобыл" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін Тапаловқа "Қазақстан ұлттық құрамасындағы ең үздік ойыншы кім?" деген сұрақ қойылды.

"Мен ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Ұлттық құрамадағы әр футболшы өз позициясында жақсы ойнайды. Егер тек бір адамды айту керек болса, мен команда капитаны Асхат Тағыбергенді таңдаймын", — деді Тапалов.

Еркін Тапалов сұраққа жауап беріп отыр
"Тобыл" футбол клубының instagram-stories-і. Скриншот: instagram.com/fctobol

Еркін Тапалов "Тобыл" футбол клубына биыл 4 қаңтарда қосылды. Ол футболдағы мансабын 2011 жылы "Ақжайық" командасында бастап, кейін "Шахтер", "Жетісу" және "Тұран" клубтарында ойнаған. 30 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда "Қызылжар" құрамында өнер көрсетті.

Тапалов 2019 жылдың 21 ақпанында Қазақстан құрамасы сапында Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде дебют жасады. Ол ұлттық құрамада барлығы 12 матч өткізді.

Айта кетейік, "Тобыл" футбол клубы 26 қаңтарға дейін Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Жаттығу аясында 20 қаңтар күні қостанайлық клуб Ресейдің екінші лигасында өнер көрсететін "Челябинск" командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Енді 25 қаңтарда "Тобыл" командасы Владикавказдың "Алания" клубына қарсы ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057286-erkin-tapalov-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasy-sapyndagy-uzdik-oiynsyny-atady/

pixel