jitsu gif
Спорт

    Александр Винокуров тағы бір атаққа қол жеткізді

    Александр Винокуров
    Александр Винокуров. Фото: Ezra Shaw/Getty Images

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспорттан Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровқа Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын табыстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Велоспорттан еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровпен кездестім. Даңқты велошабандозымыз отандық спортты, оның ішінде велоспортты дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келеді. 2013 жылдан бері ол әлемге әйгілі "Астана" велокомандасын басқарады.

    Кездесу барысында Александр "Астана" велокомандасының халықаралық жарыстардағы нәтижесі мен болашақ даму жоспарлары туралы айтып берді. Велоспорттан ұлттық құраманың көшбасшылары осы ұжымның өкілдері екені белгілі. Сондықтан біз осы жазда Парижде өтетін Олимпиадада ел намысын қорғайтын велошабандоздарды дайындаудың жеке жоспарын талқыладық", – деп жазды Ермек Маржықпаев Instagram желісінде.

    Жиын соңында Ермек Маржықпаев Александрға Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметті атағын табыстады.

    "Ол өз кезегінде жазда ұлттық құрамамен бірге Париж Олимпиадасына баруға уәде берді. Оның спорттағы тәжірибесі мен қолдауы біздің спортшыларға төртжылдықтың басты додасында лайықты өнер көрсетуге көмектеседі деп сенемін", – деді Туризм және спорт министрі.

    Александр Винокуров тағы бір атаққа қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.