Дубайдағы Al Maktoum Challenge (1-топ) Presented by Longines бәйгесінде қазақстандық тұлпар Кабирхан мәреге бірінші болып жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ emiratesracing.com cайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бәйгеге 12 тұлпар қатысты. Олар 1900 метр қашықтықта сынға түсті. Шабандоз Патрик Доббс мінген қазақстандық сәйгүлік Кабирхан 1 минут 57 секундта мәре сызығын бірінші болып кесті. Сөйтіп Мими Какуши, Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло сияқты әйгілі тұлпарларды артта қалдырды.
Айта кетейік, Кабирханның иесі – Батыс Қазақстан азаматы Тілек Мұхамбетқалиев, ал жаттықтырушысы – Дуг Уотсон.
Еске салайық, 12 қаңтарда Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен бәйгеде Кабирхан бірінші келген еді. Сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиев жеңістен кейін қандай сезімде болғанын айтты.
Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокке қатысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057812-qazaqstandyq-saigulik-tagy-bir-baigede-top-zardy/