Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тапаншадан 8 рет оқ атқан: Дағыстанда аралас жекпе-жек шебері қаза тапты

Опубликовано:

Хабиб Нурмагомедов пен Магомед Мутаев
Хабиб Нурмагомедов пен Магомед Мутаев. Фото: instagram.com/mutaev__97

Махачкалада (Дағыстан) аралас жекпе-жек шебері Магомед Мутаев оққа ұшып қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Shot Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Shot телеграм-арнасының жазуынша, Fight Nights промоушенінің аралас жекпе-жек шеббері Магомед Мутаев Махачкаланың орталығында, өз үйінің маңында қайтыс болды. Белгісіз азамат Мутаевтың артынан келіп, тапаншадан сегіз рет оқ атқан. Осыған дейін 2023 жылдың жазында файтерді атуға оқталғандардың болғаны, бірақ ол кезде киллер мүлт кеткені атап өтілді.

Shot арнасы 20 жастағы Магомед Мутаев жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың мектебінде жаттыққанын жазды.

Дағыстан ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, оқ атылғаны туралы ақпарат полицияға жергілікті уақыт бойынша 22:30-да түскенін хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, күдіктінің жеке басы анықталған.

Сонымен қатар Shot Махачкалада Fight Nights жауынгері Магомед Мутаевты өлтірді деген күдікпен Коркмаскала ауылының 18 жастағы тұрғыны іздестіріліп жатқанын жазды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті файтерден кек алмақ болған.

AMC Fight Nights промоутерлік компаниясы "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Мутаевтың өлімі туралы хабарлама жариялап, оқиғаны жантүршігерлік трагедия деп атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2058604-tapansadan-8-ret-oq-atty-dagystanda-aralas-zekpe-zek-seberine-qastandyq-zasaldy/

pixel