Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балжан Бидаш футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысымен дуэт айтты

Опубликовано:

Ұлан Қонысбаев пен Балжан Бидаш
Ұлан Қонысбаев пен Балжан Бидаш. Скриншот: youtube.com/QazaqstanTV

Қазақстан ұлттық арнасы ұсынған "Егіз лебіз" жобасында әнші Балжан Бидаш футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаевпен дуэт айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан ұлттық арнасының Youtube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Егіз лебіз" жобасының жаңа шығарылымында әнші Балжан Бидаш пен бұрынғы футболшы Ұлан Қонысбаев дуэт шырқады. Көрерменнің ыстық ықыласына ие болған жұп Жанар Дұғалованың "Махаббат" әнін орындады.

"Ассалаумағалейкум, қазақ елі. Мені жасыл алаңда көріп үйреніп қалған шығарсыздар. Бүгін өзімді жаңа қырымнан көрсетемін. Футболды 10 жасымнан бастадым. Кішкентай кезімнен атақты футболшы болуды армандағанмын. Қазір арманыма жеттім деп ойлаймын".

"Футболшылардың арасынан осындай жобаға ең бірінші болып келіп тұрған мен. Көрерменге қызық болады деп ойлаймын. Жұбымды көрген кезде таңғалдым. Ол кәсіби әнші екен. Өзімді жаңа қырымнан көрсетуге дайынмын", – деді Ұлан Қонысбаев.

Желі қолданушылары дуэттың өнерін жоғары бағалап, қолдау көрсетті.

"Бидаш, сахнаға оралғаныңыз қандай күшті", "Жарасымды жұп", – деп жазды оқырмандар.

"Егіз лебіз" жобасының әділқазы алқасының мүшесі Тұңғышбай Жаманқұлов та оң бағасын берді.

"Өте жақсы жоба болды. Адам баласы өмір бойы әсірелеп өтетін махаббат деген сезім жайлы әнді кім көрінген де жәйбырақат тыңдай алмайтын болар. Мен жақсы қабылдадым", – деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2058995-zaxan-isin-kuisin-balzan-bidas-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-oiynsysymen-duet-aitty/

pixel