jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шахматтан Азия чемпионы өмірден өтті

    Валентин Захаров
    Валентин Захаров. Фото: instagram.com/kzchessfederation

    Павлодарлық шахматшы Валентин Захаров 75 жасында қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан шахмат федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Валентин Захаров Павлодардың құрметті азаматы және шахматтан халықаралық дәрежедегі шебер болған.

    "Ол тамаша жолдас, терең ойлы адам, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген сезімтал тәлімгер және жаттықтырушы болды. Жақындары мен туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз", – деп жазды Қазақстан шахмат федерациясы.

    Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Валентин Захаров 1989 жылы шахматтан Азия чемпионы атағын жеңіп алған. Командасымен бірге Малайзиядағы әлемдік клубтар чемпионатында бірінші орын иеленген. Захаров Павлодар шахмат үйінде жаттықтырушы болып та қызмет атқарған. Шахматшының шәкірттерінің ішінде сеньорлар арасындағы әлем чемпиондары, Азия чемпиондары, гроссмейстерлер, шахматтан Азия олимпиадасының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткерлер бар.

    Шахматтан Азия чемпионы өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.