Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көкпарды жануарларды қинау дейді": әлемге танымал қазақ шабандозы шетелдіктер көкпар туралы не ойлайтынын айтты

Опубликовано:

Бауыржан Мырзабаев
Бауыржан Мырзабаев. Фото: instagram/bauyrzhanmurzabayev

Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей Бауыржан Мырзабаев шетелдіктердің көкпар спорты жайлы ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық спорт қауымдастығының Youtube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бауыржан – Чехиядағы шабандоздар мектебінде оқыған тұңғыш қазақстандық жокей. Бозбала шағынан бастап Еуропада білім алған Бауыржан Чехияның 3 дүркін, Германияның 4 дүркін чемпионы. Қазақстанда есімі көп аталмағанмен, оны шетелде көшеде танып жатады. Қазір Жапонияда тұратын Бауыржан 5 тіл меңгерген екен. Жылына кем дегенде 500 бәйгеге қатысатын қазақстандық шабандоз Еуропалықтардың көкпарға қатысты пікірін айтты.

"Еуропада өтетін бәйгелерде сәйгүлікті қамшылауға шектеу бар. Германияда да бір бәйгеде тек 3 рет қамшы жұмсауға болады. Одан артық ұрсаң, жокейдің (шабандоздың) лицензиясын алып қояды. Сонымен қатар ұтысыңның жартысын алып қояды. Әр мемлекетте әртүрлі шектеу.

Көкпарға келсек, ешкіні сойып тартқан шетелдіктер қорлау деп санайды. Бір-бірімен қағысып құлап жатады. Сондықтан бұл халықаралық жарыс бола алмайды. Өзіміздің қазақтың жарысы. Қазақ мойындаған және әлі де мойындайды. Қазақ болғандықтан ештеңе айта алмаймын", – деді Бауыржан Мырзабаев.

Шабандоз қазақстандық тұлпар Қабирханға мініп бәйгеге қатысуға мүмкіндік туса, бас тартпайтынын да айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2059926-kokpardy-zanuarlardy-qinau-deidi-alemge-tanymal-qazaq-sabandozy-seteldikter-kokpar-turaly-ne-oilaitynyn-aitty/

pixel